Палата юридических консультантов

Home Палата юридических консультантов

Протокол внеочередного общего собрания членов Палаты

Протокол внеочередного общего собрания членов Палаты

Информация о случаях привлечения членов палаты юр.консультантов к ответственности

Мин Нац экономики согласование

Ответ с минюста

Фото

Форум по АППК РК

Шымкент қаласының Заң консультанттары Палатасыныңөтініші бойынша 10 маусым 2022 жылы Шымент қалалық Сотында қаланың барлық мемлекеттік органдарының өкілдігінің қалалық адвокатура мен қаладағы заң консультанттары палаталарының қатысуымен "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-кодексінің ерекшеліктері" тақырыбында дөңгелек үстел форум өтті, мынау сол форумнан көріністер.

По инициативе ПКЮ г.Шымкента 10 июня 2022г. в городе Шымкент проведено форум по АППК РК с участием представителей Госорганов г.Шымкена и адвокатов, юридических консультантов и судьи административного суда г.Шымкента дали разьяснение по интересующим вопросам, были даны исчерпывающие ответы.

Акция "Народный юрист"

"Шымкент қаласының заң консультанттары палатасы" 16.09.2022 жылы сағат 16:00 де болып өтетін "Халық заңгері" акциясында тегін заң көмегін көрсетуге дайын. Мекен жайы Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі 16, сымтетік 8701 026 53 09

"Палата юридических консультантов города Шымкент" проводит бесплатную юридическую помощь по акции "Народный юрист" место проведения г. Шымкент, ул.Желтоксан 16 телефон для справок 8 701 026 53 09

Критерии качества

Стандарты оказания юр. помощи

Стандарты повышения квалификации

Этический кодекс

Положение дисциплинарной комиссии

Правила и условия приема в члены палаты юр.консультантов

Шымкент қаласының ЗКП

Шымкент қаласының ЗКП пул тобы Шымкент қаласының орталық сайлау комиссиясында аудандық учаскелік сайлау комиссиясы төрағаларымен кездесіп түсініктеме беріп, олардың іс шараларымен танысуда.

Акция "Адал сайлау үшін"

Шымкент қаласының заң консультантары палатасы "Адал сайлау үшін" акциясында Шымкент қаласының сайлау штабтарында және Түркістан облысының Мақтаарал, Жетісай, Сарыағаш, Қазығұрт аудандық соттарында халыққа және сайлау комиссиясының мүшелеріне сайлау бойынша түсініктеме іс шаралар жүргізген болатын одан бөлек жоғарыда аталған соттармен меморандумға қол қойған болатын.

Палата юридических консультантов города Шымкент принимала участие в акции "За справедливые выборы" и проводила разъснительную работу по законодательству о выборах в избирательном штабе города Шымкент, Мактааральском, Жетысайском, Сарыагашском, Казыгуртском районах Туркестанской области более того подписали меморандум о сотрудничестве с судами вышеуказанных районов.

Шымкент қаласының заң консульттантары палатасының

«Құқықтық және Психологиялық көмек көрсету» Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігінің бастамасымен «Зорлық-зомбылықсыз-16 күн» атты акциясы өтуде. Осы орайда Сарыағаш аудандық ішкі істер бөлімінде 3 желтоқсан күні ашық есік күні өтті. Осы іс-шараға «Шымкент қаласының заң консульттантары палатасының» мүшесі Сарыағаш ауданының тұрғыны Дарханбаева Лайла Орынбаевна қатысып, келген жас өспірімдер мен әйел азаматтарға құқықтық көмек көрсетті.

«Шымкент қаласының заң консульттантары палатасы» 02 желтоқсан 2022жылы сағат 16:00де Шымкент қаласы Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ұйымдастыруымен "Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс нормаларын әкімшілік сот ісін жүргізуде қолданудың тәжірибелері мен мәселелері" тақырыбында семинарға қатысты. Осы іс-шараға «Шымкент қаласының заң консульттантары палатасының» төрағасы және заң консультанттары қатысты.

Банкроттық мәселелер бойынша білімді, тәжірібелі мамандар заң көмегін көрсетуде!!!

Аталған заң 2022 жылы 30 желтоқсанда қабылданып, 3 наурыз 2023 жылдан бастап қолданысқа енді. Аталған заңды қолдану қажет еткен азаматтарға негізгі білуге тиіс талаптарды тусіндіру қажет деп таптық. Банкроттыққа құжат тапсырғанда үш түрлі мүмкіндік ұсынылған.

Аталған заң 2022 жылы 30 желтоқсанда қабылданып, 3 наурыз 2023 жылдан бастап қолданысқа енді. Аталған заңды қолдану қажет еткен азаматтарға негізгі білуге тиіс талаптарды тусіндіру қажет деп таптық. Банкроттыққа құжат тапсырғанда үш түрлі мүмкіндік ұсынылған.

Жеке тұлға осы заңның осы үш жолын қолдану үшін заңда көрсетілген негіздер бар. Осы заңның талабына сай болған кезде ғана жеке тұлғалар, яғни азаматтар банкроттыққа құжат тапсыра алады.

Халықтың дені заңды шала-шұрпы түсініп алып, әр мемлекеттік мекемелердің табалдырығын тоздырумен, ары-бері шапқылаудан әрі аса алмай отыр.

Шымкент қаласының заң консультанттары палатасының заң консультанттары осы уақытқа дейін халыққа құқықтық көмек көрсетуде қаншама жылдар бойы еңбек етіп келеді. Палата мушелерінен тәжірибесі мол, осы салаға маманданған заңгерлер ауызша (кеңес) консультация беруден бастап, арыз жазу, керекті құжаттарды тугендеу, сізді кредиттен құтылуға толық мумкінішілік береді. Бізден онлайн және оффлайн қызметтеріне жүгініп, төмендегі сұрақтарға жауап ала аласыздар:

1. Қазіргі қарызыңызды банкроттыққа беру арқылы құтылуға болады ма?
2. Сізге банкроттықтың қай түрін жасау керек.
3. Егер банкроттыққа сай болсаңыз сізге қандай құжаттарды дайындау қажет және оны қалай тапсыру керек.
4. Банкроттыққа құжат тапсырған соң нені жасауға болмайды.
5. Құжаттарды тапсырған соң қандай міндеттер бар.
6. Банкроттыққа сай келмейтін болсаңыз қосымша бітімгершілік жасау жолдарын қарастыру.
7. Банкроттыққа құжат тапсырып, бас тарту (отказ) келген соң, сол (отказбен) бас тартумен жұмыс жасау. Қайта құжаттарды тапсыру мерзімдері.

Палата заңгерлері Шымкент қаласының Желтоқсан көшесі 12 ғимаратында жұмыс істейді. Байланыс телефондары:
(8 701 026 53 09, 8 707 841 09 45) әлеуметтік желіміз, инстаграм парақшамыз @zangerden_kenes

Шымкент қаласының «заң консультанттары палатасының төрағасы О.Б. Құдайберген.

Алғыс Хат

"Түркістан облысы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" Шымкент қаласының заң консультанттары палатасын және арнайы төрағасы Құдайберген Оралбай ағаға әлеуметтік көмек көрсеткен үшін алғыс хатын табыс етті.

"Шымкент келбеті"

"Шымкент қаласының заң консультанттары палатасы" Facebook тен бөлек "Шымкент келбеті" газетасына мақала жариялады.

Қазақстан Республикасының Конституция күні

Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне орай Шымкент қалалық "Аманат" партиясының үйымдастыруымен өткен "Ашық есік күнінде" Шымкент қаласының заң консультанттары палатасының мүшесі Алжанова Ляззат Құанышбай қызы 28.08.2024 жылы қатысып заңгерлік құқықтық көмек көрсетті.

Шымкент қаласының заң консультанттары

Шымкент қаласының заң консультанттары палатасының мүшесі Қазақстан Республика сының Президенті жанындағы Республикалық құрылтайдың мүшесі Айгүл Орынбек 26.08.2024 жылы Астана қаласында белгілі журналист Н. Қарағойшинаның "Әділетті қоғам" жоғарыда Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының судьясы Ә. Досжан қатысып қоғамдағы сот саласындағы өзекті мәселелерді қозғап, қоғамдағы орын алып отырған кемшіліктерді талқылады.

Салауатты өмір сүрүдің бір негізгі күрделі мәселесі-жаман әдеттерден аулақ болу

Шымкент қаласының заң консультанттары палатасының мүшесі Ляйла Дарханбаева, Түркістан облысы әкімшілігінің ішкі саясат болімінің қызметкерлерімен "Салауатты өмір сүрүдің бір негізгі күрделі мәселесі-жаман әдеттерден аулақ болу" тақырыбында қатысқан болатын.

Халық заңгері

Шымкент қаласы әкімінің бастамасымен Шымкент қаласында 28.06.2024 жылы сағат 17:00 де болып өткен "Халық заңгері" акциясында Шымкент қаласының заң консультанттары палатасының мүшелері Н.Бибосынов, Т. Жанпеисова шамасы 10 адамға тегін заң көмегін көрсеткен болатын

Дарханбаева Ляйла Түркістан облысының адам құқықтарын қорғау

Шымкент қаласының заң консультанттары палатасының мүшесі Дарханбаева Ляйла Түркістан облысының адам құқықтарын қорғау уәкілдерінің төрайымы Қожабекова Натальяның бастамасы бойынша сараптамалық кеңесі отырысы өтті. Осы отырыста палата мүшесі Дарханбаева Ляйла кеңес мүшесі болып сайланып, осы отырысқа сайланды. Бұл отырыс кеңесі бір күндік емес, үнемі әрі қарай жалғасады. Отырыс 20 тамыз 2024 жылы Түркістан қаласында болып өтті.

Адам құқықтары жөніндегі

Қайырлы кеш баршаңызға бүгін яғни 27.08.2024 жылы "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Нұржан Абдезовпен Шымкент қаласының заң консультанттары палатасы мүшелері Жақыпбекова Жансая, Арзыкулова Гульбахар, Әділет департаментінің өкілдері, нотариус және тағы басқа қызметкерлері Конституция күніне орай Шымкент қаласының тұрғындарына тегін құқықтық көмек көрсеткен болатын. Осы іс шаралар Шымкент қаласының Абай аудандық ХҚКО-да болып өтті.

Қазақстан Республикасының Адам құқығы жөніндегі уәкілдің

Қазақстан Республикасының Адам құқығы жөніндегі уәкілдің Түркістан облысының өкілі Наталья Сұңғатовнамен бірге "Заңғар-Медет" бірлестігінің төрайымы Ляйла Дарханбаевамен біргелікте жұмыс жасап 2024 жылды қорытындылады.

Интервью

Шымкент қаласы әкімінің азаматтарды қабылдау

Шымкент қаласы әкімінің азаматтарды қабылдау уақытында, әкімдікке қарасты басқарма басшылары, аудан әкімдері халықты біраңғай қабылдайды. Бұдан бұлай, халықты біріңғай хабылдау кезінде Шымкент қаласының заң консультанттары палатасының заң консультанттары халыққа тегін заң консультациясын береді. 2025 жылғы 12 ақпанда қала әкімінің кезекті азаматтарды қабылдауы өтті. Халықты біріңғай қабылдау шарасына Шымкент қаласының заң консультанттары палатасының заң консультанты Сапаралы Алтынбек Абайұлыда қатысып, халыққа тегін заң көмегін көрсетті.

Шымкент қаласы әкімінің азаматтарды қабылдау

Одан бөлек, азаматтардың өтініші негізінде Шымкент қаласының заң консультанттары палатасының заң консультанттары мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында халықтың әлеуметтік жағынан осал тұсына тегін көмек көрсетуге дайын.

Қоғамдағы заң консультантының рөлі

Заң консультанты-жоғары заң білімі бар, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, аттестаттаудан өткен, заң консультанттары палатасының мүшесі болып табылатын және заң көмегін көрсететін жеке тұлға болып табылады. Адвокат мәртебесін алу талаптарымен салыстырғанда, заңгерлік қызметпен айналысатын адамдар заң консультанты болу олар үшін қол жетімді. Заң консультантының мәртебесін кез-келген ұйымның кез-келген штаттық заңгері ала алады, ал заң кеңесшісінің қызметімен айналысуға лицензия алу талабы жоқ. Әрине, адвокаттардың құқықтарымен салыстырғанда заң консультантының құқықтары шектеулі. Дегенмен, бұндай ерекшеліктер әртүрлі саладағы, әртүрлі құқықтық қатнастардағы мәселелерді шешуде, сонымен қатар, уәкілетті органның заң көмегі саласындағы қадағалау функциясына артық жүктеме жасамайтын «реттеу» функциясы болып табылады. Елімізде заңгер мамандығы бойынша мамандардың шамадан тыс артық екендігі бәрімізге белгіді, тіпті Еңбек ресурстарын дамыту орталығының мәліметінше заңгерлер елімізде ең сұранысқа ие емес мамандық, мәселен 1200 бос жұмыс орнына 5 мыңға жуық түйіндеме түскен. Бұл тұста заңгер мандығын аяқтаған мамандардың көп екендігі шын мәнінде талантты заңгерлердің көп екендігін білдірмейді. Қазіргі уақытта талантты заңгерлердің тапшы екенін мойындауымыз керек. Осыған дәлел ретінде жақында ғана әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі заңнамаға енгізілген өзгерістерді айтуға болады. Аталған жаңашылдық бойынша енді әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамға мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында заң консультанттары білікті заң көмегін көрсете алады және сотта қорғай алады. Бұл орайда, Парламенттің Республикалық адвокаттар алқасының қарсылығына қарамастан келісуі еліміздегі қылмыстық және әкімшілік істердің саны мен лицензияланған заңгерлердің саны бойынша статистикалық мәліметтер бойынша орташа есеппен шаққанда әрбір адвокатқа түсетін істің саны белгіленген нормадан асуы және адвокаттарға түсетін еңбек ауыртпашылығы болып табылды және осы жүкті заң консультанттарына бөліп беру ең тиімді және ұтымды болды. Иә, мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында заң консультанттарының атқарып отырған жұмысы аз емес, бүгінгі таңда Шымкент қаласының заң консультанттары палатасы халыққа тегін заң консультациясын беру мақсатында 2024 жылы Шымкент қаласының әділет департаментімен және «Аманат» партиясының қалалық филиалымен бірлесе отырып жұмыс атқарды. Халыққа заң консультациясын беру бойынша ұйымдасқан іс-шаралар өз жалғасын табуда, мысалы биылдан бастап Шымкент қаласының әкімдігінің басшыларының, оның ішінде әкімнің, әкім орынбасарларының, аппарат басшысы мен оның орынбасарларының халықты қабылдауы кезінде Шымкент қаласы заң консультанттары палатасының заң консультанттары халыққа мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында халыққа тегін заң көмегін көрсетіп жатыр. Бұндай тәжірибені арттыру мақсатында осындай акцияны еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі уәкілетті органның территориялық органдарында, құқық қорғау органдарында жүргізуді ұсынамын. Бұдан бөлек, қолданыстағы заңнама бойынша заң консультанттарының көмекшілері болуы мүмкін. Көмекші болып табылатын жоғары курс студенттері үшін екі жылдық өтілге есепке алу мүмкінді жас мамандарға мамандыққа қол жеткізуге және бәсекелестікті күшейтуге мүмкіндік береді. Шымкент қаласы заңгерлер палатасының заң консультанты Алтынбек Сапаралы.

Бұл материал қорғалған: https://shymkentaqparat.kz/new/kogamdagy-za-konsultantyny-rli © Shymkentaqparat.kz

Қоғамдағы заң консультантының рөлі

"Шымкент қаласының заң консультанттары палатасының" мүшесі Жақыпбекова Жансая "Аналар үйінде тегін заң құқықтық көмек көрсеткен.

Қоғамдағы заң консультантының рөлі

"Шымкент қаласының заң консультанттары палатасының" мүшесі Аристанов Қайрат Хайдарович "Жұмысшылардың еңбек құқықтары: жұмыс берушімен келіспеушіліктерді шешу рөлі" тақырыбында Шымкент қаласының Әділет департаменті арқылы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне спикер ретінде мақала жазып оны сайтына салған болатын.

Шымкент қаласының заң консультанттары палатасының мүшелері
1.Сабитұлы Ермахан No53 мекеме күні 17.03.2025
2 Аристанов Кайрат Хайдарович No78 мекеме 18.03.2025
3.Махатаева Айда Маратовна No69 мекеме күні 19.03.2025
Шымкент каласында орналасқан түзеу мекемелірінде Әділет департаменті қызметкерлерімен бірге барып сотталған жазасын өтеуші адамдарға оларды қызықтырған мәселелер бойынша түсініктемелер берді, заң талаптарын түсіндірді.
Шымкент қаласының заң консультанттары палатасының мүшесі
Қудайбергенов
Берік
Шымкент қаласының
Әділет
Департаменті басшыларымен бірге
20 наурыз 2025 жылы
Тәртіпті өзіңнен баста тақырыбында 2 шымкент қалалық өмірлік қиын жағдайдағы балалар үйінде өткен акцияға қатысып өз үлесін қосты
Шымкент қаласының заң консультанттарының мүшесі тегін заң көмегін көрсетті Нуримбетова Рахима Айнадинова 03.04.2025 ж Әділет кеңес заң көмегін көрсетті
10.04.2025ж сағат 15.00 - де Н. Назарбаев даңғылы 18 мекен - жайында. (А. Юсупова атындағы № 9 көркем гимнастика мектебі.)
2025 жылғы 13 мамырда Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығы және Әділет департаментінің қолдауымен Шымкент қаласының заң консультанттары палатасының заң консультанттары жастарға тегін құқықтық консультация беріп, кейбір әлеуметтік тұрғыдан осал тұсқа жататын жастарға кешенді заң көмегін көрсетуге шарт жасады. Іс шараға Палатаның заң консультанттары Джумабаева Бағила, Сапаралы Алтынбек және Махатаева Аида қатысты. Мұндай шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқықбұзушылықтың санын азаютуға көмектеседі. Сондай-ақ, жастардың әлеуметтік тұрғыдан осал тұсына жататын қатарының бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған.
Шымкент қаласының заң консультанттары палатасының мүшесі Сапаралы Алтынбек Абайұлы 25.04.2025 жылы Мухтар Әуезов Университетінде заң көмегін көрсетті Халық заңгер тақырыбында
2025 жылғы 27 мамырда Шымкент қаласы Әділет департаментінің және Шымкент қаласы заң консультанттары палатасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында орналасқан Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында (Қарттар үйі) қарттарға құқықтық кеңес көрсетті. Аталған іс-шараға заң консультанттары Сапаралы Алтынбек, Махатаева Аида, Сәбитұлы Ермахан қатысып, қарттардың құқықтық мәселелерге тап болу фактісінің алдын алу мақсатында интернет алаяқтық, зейнетақы мөлшері, мирасқорлық т.б. әртүрлі тақырыптарда құқықтық консультация беріп, жекелеген қарттармен кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге келісті.
2025 жылғы 30 мамырда “Халық заңгері” жалпы республикалық акциясы аясында 120 маңға жуық азаматқа тегін заң көмегі көрсетілді. Халықтың құқықтық салаттылығын арттыруға және заң көмегін көрсетуге бағытталған шара еліміздің барлық ірі қалаларында, соның ішінде Шымкент қаласында жалғасын тапты. Акция Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, http://Zakon.kz басылымы, “Парагрф” ақпараттық жүйесі ұйымдастыруымен өтті. Акцияға Шымкент қаласы заң консультанттары палатасының мүшелері, заң консультанттары Джумабаева Бағила мен Сапаралы Алтынбек қатысты.
Махатаева Аида 04.06.2025 күні 69 түзету мекемесіне құқықтық көмек акциясына қатысты Зұлпыхар Мұхтаржан 30.05.2025 күні 53 түзету мекемесіне құқықтық көмек акциясына қатысты

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ МЕН ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ПАЛАТАСЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Шымкент қаласында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заң көмегін қолжетімді ету мақсатында «AMANAT» партиясының қалалық филиалы мен Шымкент қаласының заң консультанттары палатасы өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Бұл келісім – партия жүзеге асырып жатқан «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында қолға алынып отыр. Құжатқа қол қою рәсіміне «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев, заң консультанттары палатасының төрағасы Оралбай Құдайберген, сондай-ақ партия қызметкерлері мен палата мамандары қатысты. Жиын барысында Мұрат Жолдыхожаев бұл меморандумның маңыздылығына тоқталып, халыққа құқықтық көмек көрсетудің өзектілігін атап өтті. — «AMANAT» — халықтық партия. Бізге азаматтар түрлі мәселемен жүгінеді. Оның ішінде құқықтық қолдауға зәру жандар аз емес. Міне, осындай жандарға сапалы әрі кәсіби көмек көрсету үшін заң консультанттары палатасымен әріптестік орнатудың маңызы зор. Алдағы уақытта бірлесе отырып, нақты нәтижелерге қол жеткіземіз деген сенімдемін, — деді ол. Өз кезегінде палата төрағасы Оралбай Құдайберген өз ұйымының қызметімен таныстырып, ынтымақтастықтың алдағы уақытта оң нәтижелер беретініне сенім білдірді. Меморандум аясында палата мамандары партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде азаматтарға тегін заңгерлік кеңес беретін болады. Көмек ауызша да, жазбаша да ұсынылады. Келісім аясындағы бірлескен жұмыстар үш жыл мерзімге жоспарланған.

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

09.07.2025 жылы сағат 10:45 Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған Ұлттық іс-шаралар жоспары аясында көшпелі сарапшылық кеңестің бағдарламасы «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» Шымкент қаласы Тауке хан даңғылы 5 ғимаратында Қазақстан Республикасының Сенат депутаттары, Конституциялық сотының төрағасы, судьялары, бас прокуратураның өкілдері, Шымкент қаласы заң консультанттары палатасының төрағасының орынбасары Б.А. Маханов қатысты.
Шымкент қаласы Заңгерлер палатасының мүшесі Заңгер Аида Маратқызы Оңтүстік арнаға “Көзқарас” бағдарламасына 18 шілде2025 жыл енген Салық заңы бойынша жаңа заң жобасы негізінде сұқбат берген сәтінен
24 шілдеде "Отбасын қолдау орталығы" КММ-не Шымкент қаласының заң консультанттары палатасының мүшесі Бишимбаева Акнур Еркиновна өмірде қиын жағдайға ұшыраған Сарыағаш ауданының тұрғындары 09.05.2006 жылы туылған жетім егіз ағалы-қарындасқа 2023 жылы берілген 3 бөлмелі пәтерін 70 жастан асқан қамқоршы атасы 1 жыл көлемінде кіргізбей қойғаны бойынша, тиісті мекемелердің мүмкіндігі арқылы алып беруге көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін "Өтініш" хат жазып қалдырған болатын. Бүгін 31 шілде күні "Отбасын қолдау орталығы" КММ-нің директоры М.Тарахтиев, "Өтінш" хат аясында, жетім егіз ағалы-қарындасқа тиесілі 3 бөлмелі пәтерін өздеріне алып беру мақсатында, олардың заңды өкілі А.Бишимбаеваны, қала әкімінің орынбасары Б.Жолдасбековті, Сарыағаш ауданы билер Қоғамдық бірлестінінің аппарат басшысы Н.Бекмурзаевті, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы М.Таласты, "Сарыағаш қызмет" КММ директоры орынбасары Ұ.Үсенованы және жауапты учаскелік полиция инспекторды Сарыағаш қаласындағы №10 үйге алып барып, қамқоршы атасын шақыртып түсіндіру жұмысы ұйымдастырылды. Жиын барысында Орталықтың директоры М.Тарахтиев және жетім егіз ағалы-қарындастың заңды өкілі А.Бишимбаева жетім балалардың құқықтық мүдделері мен қауіпсізідігі Үкімет тарапынан жан-жақты Заңды түрде қорғалатыны жайлы жеткізді. Ал, билер ҚБ-нің аппарат басшысы Н.Бекмурзаев 70 асқан балалардың қамқоршысының іс-әрекеті адами тұрғыда сорақылық жасағанын атап өтті. ТҮКШ бөлімінің бас маманы М.Талас және Ұ.Үсенова балалардың үйінің заңдылығы бойынша түсіндірме берді. Жиын соңында жетім егіз ағалы-қарындас қамқоршы атасынан өздерінің пәтерінің кілітін алып үйлеріне жайғасты. Орталықтың түпкілікті мақсаты - өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдар мен зорлық-зомбылыққа ұшырағандарды анықтап, олардың құқықтық мүддесі мен қауіпсіздігін қорғап, отбасыларын сақтап қалу.
«Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінін, Шымкент қаласының филиалының төрағасы Бақтияр Әбдільхайұлы Жандарбеков, және "Шымкент қаласының заң консультанттары палатасы" төрағасы Оралбай Бижанұлы Құдайберген 01 тамыз 2025 жылы бірге Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

«МАМАНДАР ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІН»

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында Қаратау ауданына қарасты Тұран тұрғын алабында көшпелі қоғамдық қабылдау өтті. Іс-шараға партияның қалалық филиалы Қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Гүлжанат Баетова, қалалық мәслихат депутаты Талғат Балтабаев, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен аудандық әкімдік өкілдері, Шымкент заңгерлер палатасының заңгері Мырзабай Нұрлан Альжанұлымен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Олар азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, түйткілді жағдайларды шешу жолдарын қарастырды. Қабылдауға келген тұрғындар негізінен инфрақұрылым мен қоғамдық көліктерге қатысты өтініштерін білдірді. Барлық ұсыныс пен талаптар хаттамаға енгізіліп, жауапты сала мамандарының бақылауына алынды. Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 249 қоғамдық қабылдау өткізіліп, 1973 азаматтың өтініші тыңдалған. Оның 69 пайызы оң шешімін тапса, қалғанына заң аясында түсінік берілген. Сондай-ақ, жалпы партияның қалалық және аудандық филиалдарына 7830 жеке шағым түскен, оның 81 пайызы қанағаттандырылған.


«Махатаева Аида тегін заң көмегін көрсетіп»

Қайырлы таң баршаңызға! Шымкент қаласының заң консультанттары палатасының мүшесі Махатаева Аида тегін заң көмегін көрсетіп келген үшін Шымкент қаласаның Әділет департаментінен Алғыс хат алды.

«Нурмашова Динара, Халықтық Демократиялық партиясының бөлімінде тегін»

Шымкент қаласының заң консультанттары палатасының мүшесі Нурмашова Динара, Халықтық Демократиялық партиясының бөлімінде тегін заң көмегін көрсетті.

«Аманат партиясы Мәжіліс Депутаты азаматтарды»

Аманат партиясы Мәжіліс Депутаты азаматтарды жеке мәселелермен қабылдауды оған жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің және Шымкент Заңгерлер палатасының Заң консультантты Альжанұлы Нұрлан Мырзабай қатысып қала тұрғындарына құқықтық көмек көрсетілді.

«Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінін»

Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінін, Шымкент қаласының филиалының төрағасы Бақтияр Әбдільхайұлы Жандарбеков, және "Шымкент қаласының заң консультанттары палатасы" төрағасы Оралбай Бижанұлы Құдайберген 01 тамыз 2025 жылы бірге Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Instagram сілтемесі

«М.Жолдыхожаев заңгерлерді Конституция күнімен марапаттады»

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының ресми парақшасы on Instagram: "«AMANAT» ПАРТИЯСЫ КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ЖАҢА МҮШЕЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ Шымкент қаласында Конституция күні қарсаңында «AMANAT» партиясының қатары жаңа мүшелермен толықты. Олардың арасында білім беру саласының мамандары, жеке кәсіпкерлер және түрлі сала өкілдері бар. Салтанатты шараға қалалық партия филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев қатысып, жаңа мүшелерге партиялық билеттерін салтанатты түрде табыс етті. – «AMANAT» партиясы – ел мүддесі үшін табанды еңбек етіп келе жатқан бірегей саяси ұйым. Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша 32 мыңнан астам мүшеміз бар. Сіздерді осы үлкен ұйымға мүше болуларыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Алдағы уақытта партиялық жобалар мен өзге де маңызды жұмыстарды бірге атқаратынымызға сенімдімін, – деді Мұрат Жолдыхожаев. Шара аясында «Құқықтық көмек» партиялық жобасының жоғары деңгейде жүзеге асуына үлес қосып жүрген заң саласының білікті мамандарына алғыс хаттар табысталды. Марапат иелерінің қатарында Әділет департаментінің қызметкерлері, адвокаттар және заң консультанттары бар. Мереке қарсаңында партия қатарына қосылған азаматтар өз кезегінде алдағы уақытта да қоғам игілігі жолында аянбай еңбек етуге дайын екендіктерін жеткізді. #AMANAT"